Аккредитация ережелері

Құрметті фестиваль қонақтары мен қатысушылары!

2018 жылдың 01 шілдесі күні кезекті ХІV «Еуразия» ХКФ ашылады.

Біз сіздерді фестивальде көруге асықпыз және фестиваль сіздерге естен кетпес керемет эмоциялар сыйлап, аса мағлұматты болады деп үміттенеміз.

Барлық жіберілген өтінімдерді кинофестиваль Дирекциясы қарастырады, алайда түсініктемесіз аккредитация бермей қоюға құқылы. Бұл ақпаратқа аса назар салуларыңызды және түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймыз.

Назар салыңыз!

Аккредитациялық бейдж аккредитациядан өткен тұлғаға ғана тиесілі болады. Бүлдірген, жоғалтқан, ұрланған немесе бөгде тұлғаға берілген жағдайда қайта қалпына келтірілмейді.

Аккредитацияны алу үшін жеке куәлікті растайтын құжат көрсетулеріңіз қажет.

Сіздерді ХІV «Еуразия» ХКФ көруге асықпыз!