Регламент

Кинонарықты ұйымдастыру және өткізу жоспары

Кинонарыққа қатысу үшін кез келген елдің барлық киноұйымдары мен кинематографистері шақырылады.

Кинонарықтың бағдарламасы төмендегідей:

* Қазақстандық және шетелдік кез келген дайындық кезеңінде тұрған жаңа киножобалардың презентациясын жасау. Фильмдердің трейлері мен фрагменттерін көрсету. Жобалардың тұрған кезеңдері туралы ақпарат беру.

* Кинонарықтың скрининг-румдарында және ChaplinMegaSilkWay (өтінім бойынша) кинотеатрының залдарында қазақстандық және шетелдік 2017 – 2018 жылдар аралығында өндіріс барысында немесе өндірісі аяқталған фильмдердің көрсетілімдерін жасау;

* National Showcase бағдарламасында әр мемлекет өз кинематографиясының: фильмді ко-өндіріс арқылы түсіруге ұсыныс жасау, сату, продакшн, компанияларының постпродакшнының, түсірілім локацияларының, кинокомиссияларының, киномектептерінің және тағы сол сияқты ұйымдарының таныстырылымын жасау;

* Қазақстандық және халықаралық кинематографияның дамуына қатысты өзекті мәселелер турасында дөңгелек үстелдер және пікір таластар;

* Кинонарықтың қонақтарынан және кинобизнестің маңызды бағыттары бойынша әлемдік мамандардан шеберлік сағаттары;

* Еуразиялық жобалар нарығы бойынша іскерлік питчинг – қазақстандық жобалардың сценарий жазу кезеңіндегі арнайы презентациясын жасау. Олардың деңгейін халықаралық эксперттік комиссия бағалайды. Кинонарық іс-шараларында көрсетілетін фильмдер мен видеоматериалдар кез келген цифрлы форматта, оның ішінде DCP, Blu-ray, DVD, жүктеуге арналған CinandoVL цифрлы файлдарда қабылданады.

Кинонарық аясында DCP форматында көрсетілетін фильмдер 2018 жылдың 25 маусымына дейін Дирекциямен келісілуі тиіс.

Кинонарыққа қатыса алады:

* Қазақстан кинематографиялық ұйымдары;

* Шетелдік кинематографиялық ұйымдар;

* Қазақстандық фильмдер мен киножобалар;

* Кинематографиялық ұйымдардардың ақпараттық стендтері және түрлі кинематографиялық тақырыптағы стендтер.

Кинонарық барысындағы дөңгелек үстелдер мен шеберлік сағаттарының тақырыптарын Фестивальдің Дирекциясы белгілейді.