Eurasia Project Market

Еуразиялық жобалар нарығы (питчинг) – сценарийлерді әзірлеу сатысындағы, Қазақстандағы және Орта Азиядағы жаңа таланттарды анықтайтын жобалар конкурсы. Конкурсқа қатысуға тәжірибелі режссер, сценаристермен қатар, әлемдік және қазақ аудиториясына арналған, потенциалы жоғары, әлі де өндіріс үстіндегі толық немесе қысқаметражды жаңа жобалардың дебютанттары шақырылады. Жанры мен бюджетіне шектеу жоқ. Конкурсқа көркем фильмдер, деректі фильмдер, толық немесе қысқа метражды фильмдер қатысы алады.

Қазылар алқасы екі жеңімпазды анықтап, дауыс беру нәтижесі негізінде төмендегі приздерді табыстайды:

1 орын – New York Film Academy киноакадемиясында төрт апталық тәжірибеден өту.

2 орын – «Еуразия» ХКФ делегациясымен бірге «А» санатындағы кинофестивальге сапар (фестиваль таңдау құқығы «Еуразия» ХКФ әкімшілігіне тиесілі).