Анна Меликян

Анна Меликян 1976 жылы 8 ақпан күні Бакуде туған. Балалық шағы Ереванда өтеді де 17 жасқа толғанда Мәскеуге көшіп келеді.

1990-шы жылдардың соңында Анна Меликян – телевизияда режиссер, телевизиялық бағдарламалар мен жарнамалық роликтер үшін сценарий жазумен айналысады.

1998 жылы – Мәскеу халықаралық кинофестивалінің ашылу және жабылу салтанаттарының қоюшы режиссері.

1999 жылы – Нелли Уварованы басты ролде ойнатып «Полетели» курстық жұмыс түсіреді.

2002 жылы – ВГИК режиссерлік факультетін (С.Соловьев пен В.Рубинчиктің шеберлігінде) бітіреді.

Оның алғашқы толықметрлі фильмі «Марстың» тұсаукесері 2004 жылы Берлин Халықаралық кинофестивалінде өткен. «Русалка» атты екінші толықметрлі фильмі «Сэнденс» кинофестивалінде үздік режиссерлік жұмыс аталымында жеңіске жетіп, Берлин кинофестивалінде ФИПРЕССИ призіне ие болады. Ал 2008 жылы Ресей атынан «Оскар» жүлдесіне ұсынылады.

2014 жылы «Звезда» фильмі «Кинотавр» фестивалінде үздік режиссерлік жұмыс деп танылады.

2015 жылы «Про любовь» Кинотаврдың ең басты екі жүлдесі – үздік фильм үшін Гран-при және кинопрокатшылар призін жеңіп алады.

Анна жаңа таланттарға қолдау көрсететін және телесериал мен кино өндіретін «Магнум» атты кинокомпанияның негізін қалайды.

Фильмографиясы:

2017 – «Про любовь. Только для взрослых»

2015 – «Про любовь»

2014 – «Звезда»

2017 – «Русалка»

2004 – «Марс»

Марапаттары:

2000 – Миландағы халықаралық кинофестивалінің үздік фильм аталымы. Исмаилиядағы фестивальде қазылар алқасының арнайы жүлдесі. Кремон-Феррондағы қысқаметрлі фильмдер фестивалінде қазылар алқасының жүлдесі. Пуатьедегі кинофестивальде жастардан тұратын қазылар алқасы үздік фильм жүлдесін табыстайды.

2007 – «Триумф» жастар жүлдесі. Берлин кинофестивалінде ФИПРЕССИ жүлдесі. Еревандағы «Алтын өрік» фестивалінің Гран-приі.

2008 – Карловы Вары кинофестивалінің Тәуелсіз камера жүлдесі.

Софиядағы кинофестивальдің Гран-приі. «Сэнденс» кинофестивалінің үздік режиссерлік жұмыс жүлдесі.

2014 – «Кинотавр» фестивалінің үздік режиссерлік жұмыс жүлдесі.

2015 – «Кинотавр» фестивалінің бас жүлдесі, қазылар алқасы жүлдесі және кинопрокаттаушылар жүлдесі. Ирландиядағы «Subtitle» ХКФ үздік режиссерлік жұмыс жүлдесі. «Золотой орел» кинопремиясында үздік көркем фильм жүлдесінің лауреаты.