Андрей Соколов

Андрей Соколов 1962 жылы 13 тамызда Мәскеу қаласында дүниеге келген. Андрей 13 жасынан бастап әкесімен бірге слесарь-сантехник боп жұмыс істеген.

1986 жылы Б.В.Щукин атындағы театр училищесінің актерлік факультетіне түседі. Л.В.Ставскийдің курсында оқып, 1990 жылы аяқтайды. Сол жылы Мәскеу мемлекеттік театрының «Ленком» труппасына жолдама алады. Бүгінде осы театрдың актері. Мұнымен қоса ол «Моссовет атындағы театрда» және «Луна театрында» қызмет атқарады. Кинодағы алғашқы рөліне кездейсоқ қол жеткізеді. Киностудияда өзімен таныс актрисаны күтіп жүргенінде, режиссер Виталий Макаров байқап қалып, оны «Сыпырғышты қыз бен қара шляпалы жігіт» атты фильмге түсуге шақырады.

1998 жылы В.В.Меньшов пен В.Я.Мотылден тәлім алып, сценаристер мен режиссерлердің жоғары курсын аяқтайды.

1999 жылдан бастап «ХХІ ғасыр монологы» театрының көркемдік жетекшісі.

Режиссерлік жұмыстары:

2003 – 2011 – «Адвокат» (режиссерлер құрамында)

2009 – «Артефакт»

2015 – «Память осени»

Актёрлік жұмыстары:

2008 — «Оттепель»

2008 — «Эффект домино»

2009 — «Когда растаял снег»

2009 — «Гувернантка»

2009 — «Дом без выхода»

2009 — «Летом я предпочитаю свадьбу»

2009 — «Логово змея»

2010 — «Седьмая жертва»

2011 — «Поцелуй Сократа»

2012 — «Новогодний брак»

2012 — «Личные обстоятельства»

2013 — «Красные горы»

2014 — «До свидания, мальчики»

2014 — «Я больше не боюсь»

2016 — «Уголь»